«Бар күшімді саламын»: Елдос Сметов Лос-Анджелес Олимпиадасына баратынын мәлімдеді

Шілде 28, 2025 - 09:56
«Бар күшімді саламын»: Елдос Сметов Лос-Анджелес Олимпиадасына баратынын мәлімдеді
Фото: ҰОК

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Instagram-дағы парақшасында Лос-Анджелес Олимпиадасына қатысуға шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Сәтсіздіктер мен қиындықтар Елдос Сметов осыдан тура 1 жыл бұрын арманына қол жеткізіп, Олимпиада чемпионы атанған болатын.

«Үш Олимпиаданың әрқайсысының орны бөлек. Бірақ Париж Олимпиадасының алтыны ардайым биік болып қала береді. Қаншама маңдай тер мен еңбек ақталған күн. Барлық марапатымның шыңы. Сәтсіздіктер мен қиындықтар қатар жүрген жолды еңсерген күн», - деп жазды чемпион әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алынбайтын қамал жоқ Ол арманға жету жолында біз көп нәрседен бас тартып, көп нәрсені тәрк етп, көп тәуекелге баруға тура келгенін атап өтті.

«Дәл осындай қуанышты, дәл осылай арманды барлық спортшыға тілеймін! Олимпиада алтынынан кейін ғана мен өмірімді өзіме, отбасыма, жақындарыма арнай бастадым. Париж алтыны біз алмайтын қамал жоқ екенін көрсетті. Дәл осы жеңісімді 2028 жылы Лос-Анджелесте қайталағым келеді. Келесі төрт жылдықтың басты додасында осы эмоцияны сыйлау үшін бар күшімді саламын», - деп түйіндеді Сметов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow