«Барлық проблемаңыз шешіледі»: Желіде дұға сататын блогер пайда болды (ВИДЕО)

Қыркүйек 9, 2025 - 12:47
Қыркүйек 9, 2025 - 14:59
«Барлық проблемаңыз шешіледі»: Желіде дұға сататын блогер пайда болды (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

"QosLike" жобасының бұрынғы қатысушысы Аякөз Аскарова желідегі парақшасында дұға сататынын айтып, жұрттың жағасын ұстатты, - деп хабарлайды sadaq.kz.

Қазіргі таңда хиджаб киіп кеткен ол адам естімеген мәлімдеме жасады. 

"Бір күні бір дұғаны көріп, оқып, оның тарихы мен құдыреттілігіне үңілемін ғой. Қағбаны айналып бір күн бойы тоқтамай соны оқи беремін. Осылайша мені күйдірген проблема бір-ақ күнде шешіледі. Мен ол мәселені шешу үшін қайғырып жүрмін. Ал оның шешімі - бір ғана дұға болып шықты. Қазіргі таңда көп оқырманым мен айтып жүрген дұғаны айтып, пайдасын көріп жатыр. Бірінші Алла мен ортада себепкермін. Дәл осы дұғаны біз де айтайықшы дегендерге дәл бүгін 24 сағат сатылымға рұқсат беремін", - дейді ол. 

Блогер өзін бұл әрекеті үшін айыптағандарға жауап бере кетті. 

"Ешкім сіздерде дұғаны сатып алуға қинамайды. Дұғаны адам айта салмайды, оның да өз тәсілі бар. Мен дұғаны жай беріп қоймаймын. Оны қалай айтады, қай уақытта айтады соның барлығын толықтай түсіндіремін. Ризығыңыздың көбейгенін, мәселеден Алланың суырып шығарып алғанын қаласаңыз мен айтқан дұғаны сіз де айтсаңыз болады. Маған "Құрандағы тегін нәрсені сататын кімсің" дейді, онда Құранды ашыңыз да оқып алыңыз. Сіз оқуға ерінесіз де, оқыған адамға 1000 теңгеңізді беруге қимайсыз. Артық әңгіме айтпаңыздар", - деп түсіндірді блогер. 

Желі қолданушылары бойжеткеннің бұл әрекетіне түрлі пікір білдірді. 

"Неше түрлі адам бар екен-ау", Дұға сатуға бола ма не", "До того жұмыс жоқ па", Ауа сатсайшы", "Ой, қайыршы", "Рассрочка бар ма", "Қой, дейтін ешкім жоқ па", деді олар.

@bbo_qaz

Бар ма алғандар???????????? ♬ оригинальный звук - Бәленің бәрі осында✅

@gul_tatti

Эххх бірдеңесі бар екен го осындай ♬ оригинальный звук - gul_tatti

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow