Бас прокуратура «СК-Фармацияға» қатысты тергеу бастады

Бұл туралы бұған дейін бірыңғай дәрі-дәрмек дистрибьюторына арыз жазған депутат Бақытжан Базарбек хабарлады, - деп хабарлайды turkystan.kz.
Тергеу мынадай деректер бойынша жүргізілуде:
166,4 млн теңгеге (310 мың доллар) жалған дәрі-дәрмек зерттеулері;
құны 36,7 млн теңге (68 мың доллар) болатын, бірақ іс жүзінде алынбаған жабдықты игеру;
дәрі-дәрмек сатып алу кезінде бюджетке 35,8 млрд теңге (66,7 млн доллар) көлемінде келтірілген ықтимал залал;
медициналық қолғаптардың бағасын көтеру және бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 5,3 млрд теңге (9,8 млн доллар).
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жүргізілген мемлекеттік аудит түрлі заңбұзушылықтарды, соның ішінде 741 млн теңге (1,4 млн доллар) көлемінде қаржылық бұзушылықтарды анықтады
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/264548-bas-prokuratura-sk-farmaciiaga-qatysty-tergeu-bastady
Сіздің реакцияңыз қандай?






