«Басында орамал, бірақ көкірегін едірейтіп көйлек кигені несі»: Абай Бегейдің хиджабтағы қыздары сынға қалды

Қаңтар 8, 2025 - 11:40
Қаңтар 8, 2025 - 11:53
«Басында орамал, бірақ көкірегін едірейтіп көйлек кигені несі»: Абай Бегейдің хиджабтағы қыздары сынға қалды

Әнші Абай Бегейдің жақында ғана тұрмысқа шыққан қызы туған күнін дүркіретіп атап өтті. Жұлдызды отбасы Сымбат Абайқызының туған күн кешінде түсірілген видеоларды әлеуметтік желіге жариялады, деп жазады Caravan.kz.

«Осы жерде естелік болып қалсын. Симбаштың жаңа жасын осылай естен кетпестей тойладық. Ғұмырың ұзақ, жақындарыңның көз қуанышы болып жүре бер. Сені жақсы көреміз», — деп жазды Ерке Ниязқұлова.

Желі қолданушылары аталмыш видеоға түрлі пікір жазуда. Олардың басым бөлігі Абай Бегейдің қыздарының киімдері мен билерін қатаң сынаған.

«Бәрі әдемі, бірақ орамал тағып, көкірегін едірейтін көйлек кигені несі? Басы халал болып тұрса болды ма», «Не қазақ, не араб емес», «Хиджаб кигеннің бәрі намаз оқымайтын сияқты ғой. Сәндік үшін киеді-ау», «Хиджаб мода болып кеткен», «Мына қылықтары несі, намаз жайына қалды ма, бәрі көзбояушылық па», «Шариғатта осындай қылықтарға жол бар ма? Иманнан естуім бойынша ішкен жегенді мақтан етіп салмау керек. Абай Бегей керемет әнші, қыздарына осындайға қалай жол берді», — деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow