«Басының жартысы жоқ қой»: Тұрсынбек Қабатовтың қазіргі жағдайы елді алаңдатып қойды

Тамыз 10, 2025 - 11:34
Тамыз 10, 2025 - 11:35
«Басының жартысы жоқ қой»: Тұрсынбек Қабатовтың қазіргі жағдайы елді алаңдатып қойды

Белгілі әзілкеш, театр жетекшісі Тұрсынбек Қабатовтың әлеуметтік желіде тараған соңғы суреттері жұртшылықтың назарын аударды, – деп хабарлайды Skifnews.kz.

Әзілкешпен бір тойда болған қонақтар желіге онымен түскен суреттерін жүктеуде.

Оқырмандар Тұрсынбек Қабатовтың қазіргі күйіне алаңдап, түрлі пікір жазды. Суреттен әзілкештің басына ота жасатқанын байқауға болады. 

«Тұрсынбектің басына не болған?», «Басының жартысы жоқ қой», «Басына операция жасап, бас сүйегінің жартысын алып тастаған. Қыста концертіне барғанымда айтты», «Ем болсын» деген сынды пікірлер жазылды.

Алайда әзілкеш бұл туралы ресми мәлімдеме жасамады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow