Бассейнде босанған танымал тиктокердің сәбиі шетінеп кетті
Қайғылы жағдай желіде кең резонанс тудырды. «112» агенттігінің мәліметінше, үрлемелі бассейнде босанған әйел белгілі ресейлік блогер болып шыққан.
Әңгіме TikTok-та шамамен 1,4 миллион жазылушысы бар Айша есімді блогер туралы болып отыр. Өкінішке қарай, босанғаннан кейін жаңа туған сәби көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы нақтылануда, құқық қорғау органдары мен медицина қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр.
TikTok пен басқа да әлеуметтік желілердегі пікірлер екі жаққа бөлінген: кейбірі көңіл айтып, қайғысына ортақтасса, енді бірі үйде босанудың қауіптілігі туралы айтып, блогердің жүктілік пен босануға деген көзқарасын сынға алуда.
Сарапшылар медициналық мекемеден тыс жерде босану әрдайым ана мен бала үшін аса қауіпті екенін айтады. Мұндай жағдайларда мамандарды тарту және шұғыл медициналық көмекке жүгіну мүмкіндігі маңызды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0