Батыс Қазақстан облысы аумағында дрон құлап, жарылыс болды

Қазан 23, 2025 - 14:15
Қазан 23, 2025 - 15:40
Батыс Қазақстан облысы аумағында дрон құлап, жарылыс болды
Фото:

Батыс Қазақстан облысында дрон сынықтары табылып, полиция тексеру бастады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Бөрлі ауданында елді мекеннен тыс аумақта ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратының (БПЛА) бөлшектеріне ұқсас заттар табылған.

Әлеуметтік желілерде табылған сынықтардың суреттері тарады. Кейбір фотоларда украин тіліндегі жазулар байқалған.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, дрон қуатты жарылғыш құрылғымен жабдықталған болуы мүмкін — жерге түскен жерде воронка пайда болған.

Бұл — Батыс Қазақстанда дрон сынықтарының табылған алғашқы жағдайы емес. Бұған дейін ақпан және наурыз айларында да осындай оқиғалар тіркелген. Ол кезде Қорғаныс министрлігі табылған дрондардың 90%-дан астамы Ресейдің ұшу сынақ орталығы полигоны аумағында болғанын мәлімдеген.

Айта кетсек, Қазақстан аумағында Ресей жалға алған үш сынақ полигоны бар, олардың бірі — Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында орналасқан 929-шы мемлекеттік ұшу-сынақ орталығы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow