«Бізде терезеге де қарамайды»: Түркістанға келген Ердоған кортежін тоқтатып, халықпен амандасты (ВИДЕО)

Мамыр 15, 2026 - 18:00
app_badging Мамыр 15, 2026 - 18:47
chat_bubble  0 visibility  37
«Бізде терезеге де қарамайды»: Түркістанға келген Ердоған кортежін тоқтатып, халықпен  амандасты (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Түркістанға сапары кезінде кортежін тоқтатып, жол бойындағы жергілікті тұрғындармен амандасты, деп хабарлайды  Sadaq.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада мемлекет басшысы халықпен амандасып, жылы жүзбен әңгімелескені көрінеді. Сондай-ақ, тұрғындардың ықыласына ризашылығын білдіріп, сый-құрметін көрсетті.

Көпшілік Ердоғанның қарапайымдылығы мен халыққа жақындығына тәнті болып, оның бұл әрекеті желіде жылы қызу талқыланып жатыр.

Пікір жазғандардың бірі оны «қарапайым әрі кішіпейіл көшбасшы» деп бағаласа, енді бірі Түркістан халқына көрсеткен құрметін ерекше атап өтті.

«Бізде тоқтау түгіл, терезеге де қарамайды ғой», «Керемет көрініс», «Недеген қарапайымдылық», «Үлгі алу керек», «Түркістанның киелі топырағын, тұрғынын сыйлап тұр», «Бауырмалдығынан айналдық», «Кімдер тұрса да тоқтағанына ризамыз»,– деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0