Бауыржан Байбектің қазір немен айналысып жүргені белгілі болды

Қыркүйек 2, 2025 - 17:32
Бауыржан Байбектің қазір немен айналысып жүргені белгілі болды
Фото: ашық дереккөз

Алматының экс-әкімі әрі "Нұр Отан" партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары қазір немен айналысып жүргенін қарындасы айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Айгүл Байбектің айтуынша, ол Біріккен Араб әмірліктерінде оқып, жұмыс істеді. 

"Мемлекеттік және қоғамдық қызметтен бос адам ретінде ол екі жылдан астам уақыт Біріккен Араб Әмірліктерінде оқып, жұмыс істеді. Сол жерде Қазақстандағы жобаларға шетелдік инвестиция тартумен айналысты. Соңғы бір жарым жылда ол Жапонияда еңбек етіп жүр. Ол жерде жапон капиталы мен ноу-хауын елімізге тарту үшін инновациялық жобаларды дамытып жатыр”, – деді оның қарындасы. 

Сондай-ақ Бауыржан Байбек 2022 жылдың наурыз айынан бастап "онлайн" режимінде жұмыс істеген. 

“Ол Ақмола облысында ең озық неміс технологиясын қолданып, сала құрайтын өңдеуші өндірісті құруға инвестиция салып жатқан Qazaq Kaolin компаниясының кеңесшісі болды”, – деді Айгүл Байбек. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow