Белгілі блогер Илья Варламов Ресейде террористер мен экстремистер тізіміне енгізілді

Қазан 22, 2025 - 11:34
Белгілі блогер Илья Варламов Ресейде террористер мен экстремистер тізіміне енгізілді
Фото: varlamov Instagram парақшасынан алынды

Ресейде шетелдік агенттер тізімінде тұрған урбанист-блогер Илья Варламовты Росфинмониторинг террористер мен экстремистер тізіміне енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 
Илья Варламов бұл жағдайға қатысты өз пікірін білдірді.

"Көп адам уайымдай бастапты, алайда бекер. Жалпы, ештеңе өзгерген жоқ. Бақытыма қарай, мен т-әрпінен басталатын (террорист) да, э-әрпінен басталатын (экстремист) да емеспін. Әзірге әдепті адаммын. Мені көруге, лүпіл басуға, донат жіберуге, тіпті видеоларымның астына пікір жазуға да болады", – деп жазды блогер Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, экстремистік және террористік қызметке қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізіміне енгізу бұл сот шешімі емес, ведомстволық деңгейдегі шара.

Бұл тізімге енгізілген жағдайда Росфинмониторинг аталған адамдар мен ұйымдардың қаржылық операцияларын бақылауға алады.

Айта кетейік, бұған дейін 2014 жылы Варламов әуежай мен метрода түсірілімге тыйым салынғандықтан Алматыны "тирания" рейтингінде бірінші орынға шығарған еді. 

Илья Варламов - Ресей Федерациясында шетелдік агент ретінде танылған, YouTube-те 5 миллион жазылушысы бар ресейлік блогер. Варламов урбанизм, әлемдік жаңалықтар және саясат туралы бейнероликтер жасайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow