«Берген садақамды да есептеген»: Ләйлә Сұлтанқызы комитет алдында табысы туралы есеп берді

Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы Мемлекеттік кірістер басқармасына есеп берді, деп хабарлады turkystan.kz
Тележүргізушінің сөзіне қарағанда, оның банк шотындағы садақа, батаға аударған ақшасы, туыстары мен достары жіберген қаражаттың бәрі табыс ретінде есептеліп кеткен.
«Бұл мен күнделікті қолданатын банктерден алынған деректер екен. Әр түскен қаражат кіріс ретінде тіркелген. Оның ішінде сыйлық, садақа, бата, депозитке аударым, өз шотыңнан өзіңе аударылғандар, достар мен туыстар жіберген қаражаттар, тіпті баламның туған күніне аударған сыйлық та кірген. Әр тиын үшін есеп бердік, - деп жазды журналист.
Ләйлә Сұлтанқызы бұл мәселенің толық шешілгенін айтып, салық органдарынан хабарлама алып жатқандарға кеңес берді. Алдымен ресми сауал жіберіңіз, мәліметті өзіңіздің жеке шоттарыңыздағы ақпаратпен салыстырып шығыңыз. Кез келген транзакцияға жауап бере алатындай дайын болыңыз. Ең бастысы мән бермей ертеңге қалдырмаңыз», - деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?






