Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды

Ақпан 17, 2025 - 15:03
Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды

Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Бұған дейін Абай облысындағы әкімнің бос лауазымына президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәлидің кандидат ретінде ұсынылатыны туралы ақпарат тараған еді.

Берік Уәли Семей облысында дүниеге келген. Білімі бойынша ол кинотанушы, журналист және заңгер.

Бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет атқарды, «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығын басқарды.
Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі болып және ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде қызмет атқарды.
2019-2022 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы болды.

Кейін «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болды.

2023 жылы Тоқаевтың баспасөз қызметіне қайта оралды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow