Бейтаныс әйелдің қыздың соңынан аңдыған видеосы желіні шулатты
Абай облысында бейтаныс әйелдің жас қызды көшеде аңдып, соңынан еріп келген сәті түсірілген видео қызу талқылануда, деп хабарлайды Sadaq.kz. Оқиға кезінде көшеде бара жатқан бейтаныс әйел кенеттен бағытын өзгертіп, алдындағы қыздың соңына түскен. Бойжеткен өз үйінің кіреберісіне жете бергенде, күдікті адам онымен бірге ішке кірмек болған. Алайда бойжеткен сақтық танытып, бейтаныс адаммен бірге подъезге кіруден бас тартып, оның бірінші өтуін сұраған.
Қыздың бұл өтінішіне әйел агрессиямен жауап беріп, оны балағаттап, «Сөйтіп соқыр болғың келе ме?» деген мағынада қоқан-лоқы көрсеткен. Қорқып қалған бойжеткен дереу үйіндегі ағасына хабарласып, көмекке шақырған. Туысының дер кезінде араласуының арқасында ол үйіне аман-есен жетті.
Аталған жағдайға байланысты Абай облыстық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 24 жастағы азаматшаға қатысты ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Мамандар мұндай жағдайға тап болғанда барынша сақ болуға кеңес береді. Егер соңыңыздан біреудің еріп келе жатқанын байқасаңыз, бейтаныс адамдармен оңашаланбауға тырысыңыз. Күдікті жағдайда дереу адам көп шоғырланған жерге барып, жақындарыңызға немесе «102» арнасына хабарласқан жөн.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0