Бибісара Асаубаева Тоқаев тағайындаған ІІ дәрежелі "Барыс" орденін алды
Шахматшы Бибісара Асаубаева президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған ІІ дәрежелі "Барыс" орденін алды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Telegram желісіндегі арнасында ІІ дәрежелі "Барыс" орденін алғанын айтып, видео жариялады.
"Мен көптен күткен ІІ дәрежелі "Барыс" орденін алдым. Менде ІІІ дәрежелі орден бар, енді І дәрежелі орден қалды. Сонда кавалер атанамын. Қараңдарыздаршы, қандай әдемі. Міне, "Барыс", түсі қандай әдемі", - деді шахматшы.
Бибісара Асаубаева Instagram-дағы парақшасында жақында Ташкенттен оралғанын хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 30 желтоқсанында президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшы Бибісара Асаубаеваны жылдам шахматтың бір түрі – блиц бойынша әлем чемпионатында жеңіске жеткені үшін ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттаған болатын. 2024 жылдың қазанында Республика күні қарсаңында Тоқаев Бибісара Асаубаеваны ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0