«Бір адамға төрттен артық билет сатылмайды»: Лопестің концертіне кіру құны белгілі болды

Сәуір 10, 2025 - 22:40
«Бір адамға төрттен артық билет сатылмайды»: Лопестің концертіне кіру құны белгілі болды

Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне билет бағасы қанша тұратыны белгілі болды.

Билет бағасына қатысты Astana Concert компаниясының продюсері Мәлік Хасенов мәлімдеме жасады.

Айтуынша, ең қымбат билет бағасы – 150 мың теңге. Әлемдік музыка супержұлдызының концертіне билет орташа есеппен 80 мың теңге тұрады.

Фанаттар үшін шектеу бар, бір адамға төрттен артық билет сатылмайды. 

Билеттер 11 сәуірде сағат күндізге 11:00-ден бастап сатылымға шығады.

Айта кетейік, америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопес өзінің Up All Night әлемдік турнесі аясында 1 тамызда Астана арена стадионында өнер көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow