«Бір әйел жоқ»: Алматыда имам 350 еркекті шақырып, қызын ұзатты

Қыркүйек 4, 2025 - 16:47
Қыркүйек 4, 2025 - 17:27
«Бір әйел жоқ»: Алматыда имам 350 еркекті шақырып, қызын ұзатты
фото: ашық дереккөз
Алматыда бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) бас мүфтиі қызметін атқарған Сансызбай Құрбанұлы қызының ұзату тойын өткізді, - деп хабарлайды kznews.kz.

Салтанатты шараға 350-ге жуық адам қатысты, алайда олардың барлығы ерлер. Қонақтар қатарында зиялы қауым өкілдері, дін қайраткерлері мен қоғам белсенділері болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, той шариғат талаптарына сай өткізілген.

 Жиында ақсақалдар жас отауға бата беріп, ізгі тілектерін жеткізді.

Алайда әлеуметтік желілерде өткен тойға қатысты түрлі пікір айтылды. Кейбір оқырман қыз ұзату дәстүрлі түрде әйелдер мен ерлердің бірге қатысуымен өтетінін ескеріп, мұндай форматтың қазақы салт-дәстүрге жат екенін алға тартты.

«Қызды анасы, әпкелері, жеңгелері шығарып салуы тиіс еді, бұл - қазаққа жат», – деген пікірлер жазылды.

Сонымен бірге, басқа бір бөлігі шараны шариғат талаптарына сай өткізілгеніне оң бағасын беріп, әр отбасының тойды ұйымдастыруда өз таңдау құқығы бар екенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow