«Бір қалам әпермейтін әкенің барынан жоғы»: Әбілмансұр Серіковтің экс-әйелі бар шындығын жайып салды (ФОТО)
Танымал актер Әбілмансұр Серіковтің бұрынғы әйелі Фариза Бекібай әлеуметтік желідегі парақшасында экс-күйеуінің балаларына қаржылай көмек көрсетпейтінін ашық айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Актриса алиментті тұрақты түрде алмайтынын және балаларының қажеттілігі тек өзінің жауапкершілігінде екенін жеткізді.
«Алимент алу қиынның қиыны. Бірде көл, бірде шөл. Міне, төрт ай алмадық. Тіпті өзі салмайынша сұрамаймыз. Балалардың емі, дәрісі, сабаққа киетін киімі – бәрі менің мойнымда. Балам мың теңге сұраса да, "жоқ" дейді. Намыстанып, сұрама деп ұрысамын. Кейде менен тығылып сұрайды, телефонынан көріп қоямын. Екеуі де өзіммен еріп келген бала сияқты. Негізі, балаларды асырау оның да мойнында ғой. Мың теңге мен бір қалам алып бермейтін әкенің барынан жоғы деп есептеймін. Басқа уақытта керім болып киініп жүргенше, алименті мен балаларына киім-кешек, еміне дәрі, тамақ алып берсе ғой, шіркін! Балаларды бір рет те қыдыртпаған. Үлкенін осы жазда ғана алып кетті. Қалған уақытта қолымызды жаймаймыз. Күніміз соған қарамасын. Алла әділ», – деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0