«Бір қазы 64 мың теңге»: Ең қымбат қазы қай жерде сатылатыны белгілі болды

Наурыз 3, 2025 - 14:32
«Бір қазы 64 мың теңге»: Ең қымбат қазы қай жерде сатылатыны белгілі болды
Фото: halaspb

Лондонда тұратын жерлерісіміз ең қымбат қазының қай жерде сатылып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Желі қолданушысының видеосы 400 мыңнан астам қаралым жинаған. Сөзінше, Ұлыбританияда қазақтың дәстүрлі өнімдеріне сұраныс жоғары.

«Лондонға келгенде қалай пайда табуға болады? Мұнда бір қазыны қазақтар 64 000 теңгеге, яғни қазіргі курспен 100 фунтқа сатып жатыр. Ал бір қорап темекі 4000 теңге тұрады. Құрт пен "Қазақстан" шоколады бұл жерде атымен жоқ, сондықтан оларды да қазақтар жақсы сатып алады. Егер Лондонға келсеңіздер, киім емес, қазы, темекі алып келіңіздер – тез өтеді. Киім бұл жерде арзан әрі сапалы», - дейді Әзиз есімді азамат.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow