«Бірден байып кетті»: Желі қолданушылары қайырымдылықпен айналысқан блогерді тексеру керегін айтты (ВИДЕО)

Шілде 16, 2025 - 12:40
«Бірден байып кетті»: Желі қолданушылары қайырымдылықпен айналысқан блогерді тексеру керегін айтты (ВИДЕО)
Фото: әлеуметтік желі

Блогер Ырысбала Икрамбай желіде оқырман сауалына жауап беремін деп ел талқысына түсті. Бұл туралы sadaq.kz сайты хабарлайды.

Перизат Қайратқа қатысты атышулы істен кейін оқырмандарының бірі: "Ырысбаланы де тексеру керек. Үй соғып жатыр, Дубайдан үй алды", деп жазған. 

Мұны оқыған блогер ашуға булығып, Үкіметтің ақымақ емес екенін айтты. 

"Айналайындар, жәрдемақының өзін отбасындағы адам санына шаққандағы кірістер суммасына қарай берейін деп жатқан Үкімет сендерге ақымақ емес қой. 50 миллионнан жоғары ақшаға жеке мүлік сатып алсаң ең бірінші сенің банктегі шоттарың бұғатталады. Содан кейін ол ақшаның қайдан түскенін, кіріс көзін қағаз жүзінде дәлелдеуің керек. Ол тауып жатқан ақшадан сен салып төлеп, декларация толтырып жатсың ба соның барлығын тексереді. Сендерсіз де бәрін тексеріп отыр", - деді Ырысбала. 

Алайда блогердің бұл сөзі көпке жақпай қалды. 

"Таза алаяқ осы", "Айналайындар деп зіркілдеме", "Неге жаны шығып, шырылдап кетті", "Шынымен бірден байып кетті. Қайдан алып жатыр", "Ашуланғанына қарағанда бірдеңе дұрыс емес", "Қайырымдылық жасаған блогердің бәрі шіріген бай болып шыға келеді", "Тексеру керек. Барлық отбасын үй мен машина алып беріп, шелек болып кетті", - деп жазы олар. 

@ellomen_777 #рекомендации #ырысбалаикрамбай ♬ оригинальный звук - ???????????????????????????? ㋡

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow