«Біреуі педофил, біреуі папасы сияқты дейді»: Жігер Ауыпбаев өзін сынайтындарға жауап берді
Танымал әнші Жігер Ауыпбаев желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, өзін сынайтындарға жауап берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
«Адамның көзі тірі кезінде сөзден аманы жоқ, өлгеннің жаманы жоқ. Біреуі «педофил» дейді, біреуі «теңің емес» дейді. Біреуі «папасы сияқты» дейді, біреуі қарғайды…
Біреуі көреалмаушылықтан арам ниетпен ардан безіп, Құдайдың қаһарынан аттап өтіп сырттан сиқыр жасайды. Бұлардың барлығы Алланың жүрекке салған махаббатымен бір-бірімізді жолықтырғанымыздың қасында түкке тұрғысыз әңгімелер.
Хейт жаза беріңіздер! Сыртымнан ғайбат айта беріңіздер! Ақыреттік амал дәптерлеріңізді қандай амалға толтырамын десеңіздер де өздеріңіз білесіздер. Ал мен Алланың қалауымен ары қарай жылжи беремін», – деп жазды әнші.
«Ел не демейді, бақытты болыңдар», «Сол үшін жеке өмірді көрсетудің қажеті жоқ», «Елдің сөзіне көңіл аудармаңдар», «Өздері желіге салып әңгіме қылады», «Бірінші үйленсеңдерші», – деп оқырмандар пікір жазды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0