Біріккен Араб Әмірліктерінде үш өзбекстандық өлім жазасына кесілді

Тергеу болжамы бойынша, олар Иранның арнайы қызметтерінің тапсырысы бойынша әрекет еткен.

Сәуір 1, 2025 - 09:10
Сәуір 1, 2025 - 11:10
Біріккен Араб Әмірліктерінде үш өзбекстандық өлім жазасына кесілді
Фото: БАӘ ІІМ

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі сот 2023 жылдың қарашасында 28 жастағы Цви Коганды өлтірді деп айыпталған үш өзбекстандық азаматқа өлім жазасын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот үкімі Бұл туралы Ynetnews.com басылымы Израиль билігіндегі ресми дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, үкім 30 наурыз, жексенбі күні шыққан. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде тараған аудиожазбада айыпталушылардың бірі анасы және қарындасымен сөйлесіп, "біз үшеуімізге де өлім жазасы тағайындалды" деп айтқан. Алайда бұл жазбаның түпнұсқалығы ресми түрде расталған жоқ.

Өзбекстан билігінің ұстанымы

Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасамады. Ведомство үкім туралы ақпаратты өз дереккөздері арқылы нақтылап жатқанын хабарлаған.

Оқиғаның мән-жайы қалай болған?

28 жастағы Цви Коган — ультраортодоксалды раввин (дінді қатаң ұстанатын еврей дінбасшысы), Молдова және Израиль азаматтығы бар. Соңғы бірнеше жылда Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрып, Дубайда кошер өнімдерін ("кошер" – еврей дініне сәйкес шығарылған өнімдер – редакция ескертуі) сататын дүкен ашып, кәсіп жүргізген. Оның жоғалып кеткені туралы ақпарат 2023 жылдың 21 қарашасында тарады. Үш күннен кейін, 24 қарашада оның денесі табылған. Кейінірек БАӘ Ішкі істер министрлігі X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында үш өзбекстандық азаматтың тұтқындалғанын хабарлады.

Олар: • Азизбек Камлович (33 жаста);

• Олимпи Тоирович (28 жаста);

• Махмуджон Абдурахим (28 жаста).

Тергеу деректері Сот материалдарына сәйкес, күдіктілер Цви Коганды алдын ала аңдып, кейін ұрлап, өлтіріп кеткен.

Тергеу болжамы бойынша, олар Иранның арнайы қызметтерінің тапсырысы бойынша әрекет еткен.

Күдіктілер раввинді Оманға алып өтпек болған, бірақ жоспарлары жүзеге аспаған. Оқиғадан кейін олар елден қашқан.

Кейін Түркияда ұсталып, БАӘ-ге экстрадицияланған. Израиль билігінің реакциясы Израиль тарапы Цви Коганның өлімін "антисемиттік лаңкестік әрекет" деп таныды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow