«Бірінші күйеуін әлі ұмытпаған, жабырқаулы»: Желіде актриса Әлия Әнуарбекке сырға салу рәсімінің видеосы тарады

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова желідегі парақшасында актрисаның сырға салу рәсімінен видео жүктеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көпшілік актрисаны екінші рет тұрмысқа шығып жатыр деп болжады. Кейбірі марқұм жолдасына арнап, кино түсіріп жатыр деген пікір айтты.
"Сүйінші, ағайын! Әлия Әнуарбек Торғай елінің келіні атанбақ", – деп жазды Мөлдір.
Желі қолданушылары актрисаның бірінші күйеуін ойлап көңілі құлазып тұрғанын жазуда.
"Дұрыс, күйеуінің қайтыс болғанына біраз болды. Әр адам бақытты болуға лайықты","Кино сияқты, бұл қыз әлі бірінші күйеуін ұмытпаған", "Бағы жансын, бірақ неге көңілсіз", "Жаным, жабырқап тұр ғой", "Марқұм күйеуін ойлап тұр", – деп жазды көпшілік.
Актрисаның өзі бұл жаңалыққа қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады. Оның әлеуметтік желідегі парақшасынан "Бақыт құшағында" атты фильмге түсіп жатқанын байқауға болады. Сондықтан желіде тарап жатқан видео кино сахналарының бірі болуы да мүмкін.
Еске сала кетейік, Әлия Әнуарбектің күйеуі 2020 жылы қайтыс болған еді. Олардың ортақ екі қызы бар.
Сіздің реакцияңыз қандай?






