Бокс олимпиада ойындарынан алынып тасталуы мүмкін
Оның орнына паркур қосылуы мүмкін.
Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах бокс Лос-Анджелестегі келесі ойында Олимпиадалық спорт түрлері тізімінен алынып тасталуы мүмкін екендігін мәлімдеді, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Бұл шешім 2025 жылы қабылданбақ.
Нақты уақытын айта алмаймыз, бірақ келесі жылы. Бұл тезірек болғанын қалаймыз, мүмкіндігі барынша жылдың алғашқы жартыжылдығында болса дейміз. Одан ерте болуы екіталай, - деді ХОК басшысы Томас Бах.
Естеріңізде болса, осыдан үш жыл бұрын карате де бағдарламадан шығарылып, оның орнын брейкданс басқан. Егер бокс болмаса, оның орнына паркур қосылуы мүмкін.
Дегенмен әзірге бокстың Олимпиададан шығарылуы туралы айту ерте. Томас Бахтың сөзінше, бұл шешім қабылдануы үшін ұлттық ұйымдар бокстан халықаралық жарыстар ұйымдастыруға бірігуі керек.
Сіздің реакцияңыз қандай?