Боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі қырғыздар мен қазақтарды балағаттап, ұлтаралық жанжалға түрткі болды

Қазан 23, 2025 - 11:45
Боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі қырғыздар мен қазақтарды балағаттап, ұлтаралық жанжалға түрткі болды
Фото: ашық дереккөзден алынған

Ресейдегі танымал боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина әлеуметтік желідегі парақшасында қырғыздар мен қазақтарды және басқа да ұлт өкілдерін атап, балағат сөз айтқанын жүктеген. Бұған қатысты Қырғызстан Ішкі істер министрлігі бейнежазбаның таралуына байланысты алдын ала тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бейнежазбаның авторы — әйгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина. Ол Instagram парақшасында түрлі ұлт өкілдеріне, соның ішінде қырғыз халқына да, балағат сөздер айтқан видеолар сериясын жариялаған. Қазір оның аккаунты жабылған, алайда бейнежазбаны желі қолданушылары жүктеп алып, оны интернетте таратып, әйелді қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етуде.

Қырғызстан Ішкі істер министрлігі бұл жағдайға байланысты мәлімдеме жасады:

«Интернетте әйелдің көлік тізгінінде отырып, түрлі ұлт өкілдеріне тіл тигізген видеосының таралуына байланысты Қырғыз Республикасы ІІМ келесіні хабарлайды. Мұндай әрекеттерге жол беруге болмайды, олар ұлтаралық сыйластық пен төзімділік қағидаттарына қайшы келеді. Адам қай жерде тұрса да, моральдық және құқықтық нормаларды сақтап, өшпенділік пен араздық туғызуға жол бермеуі тиіс. Қазіргі таңда бұл факт тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды», — делінген министрліктің хабарламасында.

Ал Ресей мен Қазақстан билігі бұл оқиғаға байланысты әзірге пікір білдірмеді.

Дмитрий Бивол мен Екатерина 2023 жылдың жазында ажырасқан болатын. Осыдан кейін ол әлеуметтік желілерде бұрынғы күйеуін опасыздық жасады, моральдық қысым көрсетті және алимент төлемеді деп айыптайтын жазбаларды жиі жариялап келген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @sokol.media_

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow