Браунов университетіндегі атыс: қаза тапқандар арасында өзбекстандық студент бар
АҚШ-тағы Браунов университетінде болған атыс салдарынан қаза тапқандардың қатарында Өзбекстан азаматы 18 жастағы бірінші курс студенті Мұхаммад Азиз Умурзоқов бар. Бұл туралы АҚШ-тың Ташкенттегі елшісі Джонатан Хеник мәлімдеді.
Мұхаммад Азиз Умурзоқов университетте шәкіртақымен білім алып жүрген. Ол болашақта нейрохирург болуды мақсат еткен. Бұл оның жай ғана арманы емес, саналы таңдауы болған. Себебі бала кезінде өзі де миына ота жасатқан. Умурзоқовтар отбасы 2011 жылы АҚШ-қа қоныс аударып, кейін Америка азаматтығын алған.
Мұхаммад Вирджиния штатындағы Мидлотиан қаласында орналасқан мектепті үздік аяқтап, БҰҰ үлгісі бағдарламасына, зияткерлік сайыстар мен пікірсайыстарға белсенді қатысқан.
Марқұмның әпкелері оны ашық мінезді, жұмсақ әрі еңбекқор жан ретінде еске алады. Жаз айларында ол дүкенде жұмыс істеп, оқуына қажет ноутбукты өз күшімен сатып алған. Репетитор жалдаудан бас тартып, барлығына өз еңбегімен жетуді жөн көрген. Университетке түскеннен кейін ол бұл кезеңді «өмірімдегі ең бақытты жыл» деп атаған.
Атыс кезінде қаза тапқан екінші адам — Алабама штатынан шыққан 19 жастағы екінші курс студенті Элла Кук. Ол дарынды пианист әрі республикалық клубтың вице-президенті болған. Қарулы адам бетперде киіп аудиторияға басып кірген сәтте, студент қыз аудиториядан шығып үлгермеген.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0