Бүгін – Ұлттық басылым күні

Ақпан 2, 2026 - 09:33
Ақпан 2, 2026 - 09:42
 0  1
Бүгін – Ұлттық басылым күні
Фото: Kazgazeta.kz

Бүгін – Ұлттық басылым күні. 1913 жылдың 2 ақпанында Орынбор қаласынан «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көріп, оқырман қауымға жол тартты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

«Қазақ» газетінің тұңғыш саны жарық көрген күн 2023 жылы «Ұлттық басылым күні» болып белгіленді.

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Ұлттық басылым күнімен құттықтады.

«Шынында да, бүгінде ұлттық баспасөз интернет пен цифрлық технологиялардың арқасында аудиториясын кеңейтіп, қайта жаңғыру дәуірін бастан өткеруде. Осылайша, мерзімді басылымдар елдің медиа кеңістігінде маңызды орнын бекемдей түсті. Ұлттық басылымдарды қолдау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Осы орайда, салада еңбек етіп жүрген барша азаматтарды кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын!»,– деді министр. 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, 1991 жылы елімізде бар-жоғы 10 республикалық газет пен журнал ғана шықса, 2026 жылғы қаңтар айындағы дерекке сәйкес, Қазақстанда 5 062 БАҚ тіркелген. Оның ішінде 3 081-і мерзімді басылым: 1 932 газет пен 1 149 журнал.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0