«Chopard, Bulgari»: Ерке Есмахан күйеуі берген қымбат сыйлықтарды көрсетті (видео)
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан күйеуі Раймның өзіне берген бағалы сыйлықтарын көрсетті. Хитмен сүйіктісіне Chopard, Bulgari және Graff брендінен қымбат заттарды сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерке Есмахан Жаңа жылда оқырмандарымен сырласып, оларға жолдасы тарту еткен қымбат сыйларды көрсетті. Өнер иесі бұған дейін сыйлықтарын қандай танымал брендттерден алғанын ғана айтқан. Ал бұл жолы әнші көпшілікке күйеуі сыйлаған бағалы заттарды арнайы ашып көрсетті.
Белгілі болғандай, Райм сүйіктісінің қалауын орындап, өзі бұрыннан армандап жүрген барлық әшекей бұйымдарын сатып әперген. Ерке Есмахан 40 жасына орай Chopard, Bulgari және Graff брендтерінен қымбат бұйымдар алдыртқан.
Сіздің реакцияңыз қандай?