Дана Қарағұсова өзінің ғарышқа ұшқанын келеке еткендерге жауап берді

Кәсіпкер әйел Қазақстанға оралған

Қазан 23, 2025 - 16:21
Қазан 23, 2025 - 16:40
Дана Қарағұсова өзінің ғарышқа ұшқанын келеке еткендерге жауап берді
Фото: blueorigin

Ғарышқа Қазақстаннан алғаш әйел турист ретінде ұшқан Дана Қарағұсова сапарға қатысты пікірін айтып, келеке еткендерге жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен Қазақстанға аман-есен оралдым. Қазір біртіндеп қалпыма келіп, өз істерім мен жобаларыма қайта кірісіп жатырмын. Маған шын жүректен қуанып, қолдау көрсеткен, жылы лебіздерін білдіріп, жақсы ой жолдаған барлық жандарға алғыс айтамын. Сіздер – жаңа заманның адамдары, өз шеңберінен тыс жақсылық пен жарықты көре білетін ерекше тұлғасыздар. Бұл сирек кездесетін қасиет әрі мықтылықтың белгісі», - деді Данна Қарағұсова.

Ал өзін мысқылдап, бұл сапарын келеке еткендерге ол былай деп жауап қатқан:

«Мысқыл мен жалаға, өсек пен теріс пікірге жол беретіндерге де тек жақсылық тілеймін. Себебі, мұндай әрекет арқылы адам өзгеге емес, ең алдымен өзіне зиян тигізеді. Біз өзгелер туралы не ойласақ, не айтсақ бәрі өзімізге қайтып оралады. Сондықтан, жүректі таза сақтаңыздар», - деді ол.

Продюсер Дана Қарағұсова турист ретінде Қазақстаннан тұңғыш ғарышқа ұшқан әйел болды. Blue Origin - 2000 жылы Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос құрған америкалық жеке ғарыш компаниясы. Штаб-пәтері АҚШ-тың Вашингтон штатындағы Кент қаласында орналасқан. Компанияның негізгі мақсаты – ғарышқа ұшуды қолжетімді етіп, болашақта миллиондаған адамның ғарышта өмір сүруіне мүмкіндік жасау.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow