Дәрігерлерді ұрып-соққандар 12 жылға сотталуы мүмкін

Министрлік заң жобасын күздің соңына дейін қабылдайды деп болжап отыр

Қазан 15, 2025 - 16:02
Қазан 15, 2025 - 16:30
Дәрігерлерді ұрып-соққандар 12 жылға сотталуы мүмкін
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда дәрігерлерді ұрып-соққандар 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Мәжіліс кулуарында мәлімдеді. Вице-министрдің сөзінше, ведомство заң жобасын күздің соңына дейін қабылданады деген болжам бар.

«Біріншіден, медицина қызметкерлеріне олардың кәсіби міндеттерін орындау кезінде шабуыл жасау бойынша жеке бап енеді. Екіншіден, жаза қатаңдайды, айыппұл мөлшерінен бастап бас бостандығынан айыру мерзіміне дейін жаза күшейеді», – деді Сұлтанғазиев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow