«Демал, досым!»: Қырғыз президенті Тәшиевпен кездескенін растады
10 ақпанда 5 жылдан аса Қырғызстанның "екінші адамы" болған Қамшыбек Тәшиевтің қызметінен босатылғаны белгілі болды. Бүгін Садыр Жапаров Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің бұрынғы төрағасымен кездескенін мойындады, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты.
– Иә, біз кездестік. Кеше кешке оны қабылдадым. "Демал, досым, денсаулығыңды күт, сабыр сақта!" дедім. Досымның айтуынша, ол "ақсақалдармен" де, "көксақалдармен" де сөйлеспеген. Осыған сүйене отырып, ол адамдар досыма айтпай, жасырын жоспар бойынша өз бетінше әрекет еткен деген ой түйдім, – деді ол мемлекеттік "Кабар" агенттігіне сұхбатында.
Садыр Жапаров бұған дейін "Тәшиев алдағы уақытта қандай да бір мемлекеттік қызметке келмейді" деп мәлім еткен-ді. Оның "ақсақалдар" деп меңзегені – мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге шақырған ашық үндеу авторлары. Өткен аптада ол үндеуге қол қойғандардың үшеуін – Эмилбек Ұзақбаев, Құрманбек Дыйканбаев пен Бекболот Талғарбековты Қырғызстан ішкі істер министрлігі жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру ісі бойынша ұстаған болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0