«Денесін анасы тауып алған»: Таразда тағы бір оқушы көз жұмды

Қыркүйек 24, 2025 - 14:50
Қыркүйек 24, 2025 - 15:27
«Денесін анасы тауып алған»: Таразда тағы бір оқушы көз жұмды
Фото: Pixabay

Қызды үйінен анасы тауып алған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем көмек көрсете алмады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайғылы жағдай 23 қыркүйек күні күндіз Таразда болған. Анасы біраз уақытқа үйден шығып кеткенде, қызы қорада асулы күйде табылған.

Оқиға орнына келген дәрігерлер оның көз жұмғанын растады. №26 орта мектептің 9-сынып оқушысы неге мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз.

Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр, полиция тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге жеткізу») бойынша іс қозғалды. Қаза болған қыз соңғы екі айда өңірде өмірімен қош айтысқан жетінші бала.

– Бұл жағдайға байланысты облыстық психологиялық қолдау орталығының жұмыс тобы құрылып, отбасыға қажетті психологиялық көмек көрсетілді.

Айта кету керек, марқұм ешқандай есепте тұрмаған, үлгерімі жақсы болған, сабырлы, айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста болған. Тәртіп бұзу фактілері тіркелмеген, – делінген облыстық білім басқармасының хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow