«Денесін бөлшектеп тастаған»: Атырауда 62 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен туысы қамауға алынды

Ақпан 10, 2025 - 15:02
 0  47
«Денесін бөлшектеп тастаған»: Атырауда 62 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен туысы қамауға алынды
Фото: polisia.kz

Атырауда 62 жастағы әйелді туысы өлтіріп тастаған. Полиция қызметкерлері 35 жастағы күдіктіні ұстап, қамауға алды.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 7 ақпанда болған. 

– Полиция қызметкерлері 62 жастағы тұрғынды өлтіру дерегіне қатысы бар күдіктіні ұстады. Күдікті марқұмның туысы екені анықталды. Оның жасы – 35-те. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу кезінде қылмысқа қатысты барлық мән-жай анықталады, - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Кейбір дерекке қарағанда, күдікті туысының денесін бөлшектеп тастаған. Алайда полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі нақтыламады.  

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0