«Дикий Арман» әлемжелі арқылы өзін «судан - таза, сүттен ақ» етіп көрсетуге барын салып жатыр» - журналист

Сондықтан Арман Жұмагелдиевтен «герой» жасаудың қажеті жоқ.

Желтоқсан 19, 2024 - 15:25
«Дикий Арман» әлемжелі арқылы өзін «судан - таза, сүттен ақ» етіп көрсетуге барын салып жатыр» - журналист

«Дикий Арманды» ақтап алу мүмкін емес.

2025 жылдың басында «Дикий Арман» атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің соты өтуі тиіс. Бұл туралы адвокат Олег Чернов мәлімдеді. Қазір тергеу аяқталды. Прокуратура «Дикий Арманға» ауыр жаза сұрайтын сияқты.

«Дикий Арман» да ай қарап жатқан жоқ. БАҚ пен әлемжелідегі жақтастарын, ресурстарын қосып, өзін «судан - таза, сүттен ақ» етіп көрсетуге барын салып жатыр. Бірнеше рет соттың ашық өтуін талап етіпті, темір тордың ар жағынан хат жазып, «Қаңтар қылмысына қатысым жоқ» деп ант-су ішіп отыр.

Дегенмен, «Дикий Арманың» сөзі қаншалықты рас? Қылмыс әлемінің серкесі атанған оның айтқанына сенуден гөрі күмән көп. Оның 2000-шылдардың ортасындағы Қазақстанда жасаған қылмысын әзірге айтып жатпаймыз. Қаңтар оқ иғасының алдында, Түркияда жүргенде «Дикий Арман» ТМД-дағы ең мықты «вор в законе» саналған Гули Бакинскиймен әмпей-жәмпей болды. Естуімше, «вордың» Түркиядағы біраз қылмыст тірлігін тындырып берген. Соның бодауына оны Қазақстанға «смотрящий» қылмақшы болыпты. Тек Гули Бакинскийді атып кеткеннен кейін ғана бұл әңгіме басылды. «Дикий Арман» досы өлгеннен кейін әлеуметтік желіге пост салған.

Кейбіреулер «Дикий Арман» қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылармен жақсы қарым-қатынаста болған» дейді. Ол КНБ-дан арнайы нұсқау алып отырған. Ал қаңтар қырғынына басты кінәлі Кәрім Мәсімов болғанын ескерсек, бұл пікірдің ақиқат екенін көреміз.

«Дикий Арманның» Қазақстанға шетелден Дубай-Ташкент арқылы 2021 жылғы желтоқсанда келгенін жазғам. Дубайды Қаңтар оқиғасының жасырып штабы деп жүрміз. Бұл кездейсоқтық па?! Бұдан бөлек, 2021 жылғы жазда «Дикий» күзет қызметін ашыпты, яғни қару ұстауға ресми рұқсат алған. Рация, жүк көліктерін сатып алған. Осы да кездейсоқтық па?! Әрине кездейсоқ жағдай емес, бәрі Қаңтар оқиғасының сценарийі.

Қаңтар оқиғасындағы видеолардан «Дикий Арманның» белгісіз біреулердің басына пистолет тақап, қоқан-лоққы көрсеткенін көрдік. «Азаттық радиосы» зәбір көргендерден пікір алды. Олардың бәрі «Дикий Арманнан» таяқ жегенін, шерулерге, бұзақылыққа қатысы жоғын, «көшеде кетіп бара жатқан жерінен «дикийлер» ұстап алып кеткенін айтады. Егер «Дикий Арман» соншалықты ақ болса, осындай болар ма еді?!.

Сондықтан Арман Жұмагелдиевтен «герой» жасаудың қажеті жоқ. Кезінде қылмыстың түр-түрін жасаған ол Қаңтар оқиғасы кезінде де сол әдетіне қайта басты. Ол жасаған қылмысына сай әділ жазасын алуы тиіс.

Журналист Ораз Әлімбектің facebook пaрaқшaсынан

<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/post.php?href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Falimbekoraz%2Fposts%2Fpfbid021Shw9BEdfuVfKZVTphnd4ua2F6tMz5tYxD1DBSXqFvFzmnRf7mjyB6MQkPW4yjp9l&show_text=true&width=500" width="500" height="481" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowfullscreen="true" allow="autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share"></iframe> 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow