Димаш Құдайберген ерекше «Алтын белгі» иегеріне қымбат сый жасады

Маусым 19, 2026 - 12:29
chat_bubble  0 visibility  5
Димаш Құдайберген ерекше «Алтын белгі» иегеріне қымбат сый жасады
Фото: Астана әкімдігі

Астанада мектеп түлектеріне аттестат тапсыру рәсімі кезінде ерекше білім беру қажеттілігі бар түлекке ерекше сыйлық жасалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Елордадағы №83 мектеп-лицейінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Максим Цой мектепті қызыл аттестатпен аяқтады. Ол бұған дейін соңғы қоңырау салтанатында ұстазымен бірге би билеп, әлеуметтік желі қолданушыларының ықыласына бөленген болатын.

Бүгін аттестат табыстау рәсімінде Максим тағы бір қуанышты жаңалыққа кенелді. Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген оған арнайы сыйлық жолдап, ноутбук тарту етті.

«Өнер иесінің бұл сыйы Максимнің білім жолындағы еңбегі мен табандылығына көрсетілген құрмет ретінде бағаланып отыр», – деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елордада биыл 16 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0