«Дірілдеген дауыспен «қазақ елі» деп көмек сұрау керек»: ақша жинаған жүргізушіге қатысты тың мәлімет пайда болды

Бұған дейін біз жүк көлігі өртеніп кеткен жігітке қазақстандықтар бірнеше күнде-ақ 15 млн теңге жинап бергенін жазған едік. Кейін бұл іске Әбілқайыр есімді кәсіпкер араласып, үлкен схеманың бетін ашқан: жылап-еңіреп видео түсірген жігітке көмектесіп жүрген белсенділер сол көліктің иелері болып шыққан. Жүргізуші жігітке төрт балам деп өтірік айтқызып, оның шотын өз қолдарына алып, ақшаны өздері меңгерген. Жуырда осы тараптардың бәрі журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Аты Жеңіс, тегі осындай» деген адамдарға қызықсыз болып қалады. Жылаған кезде де көзін сүртпесін, дірілдеген дауыспен айтсын. Шынайы жыласын, мына жерде өтірік жылағаны көрініп тұр ғой. Дірілдеген дауыспен «қазақ елі» деп көмек сұрау керек», - деген аудиохабарламаны Айнұр жіберген.
Ермек Күнбаев осы тапсырма бойынша видеоларды бірнеше рет, қайта-қайта түсіріп Ержан деген бастығына жолдапты.
«Ақша менің шотыма жиналды. Мен сол жақтан жолға шыққанда ақша менің шотыма түсе бастаған. Ақша 24 маусымнан бастап жинала бастады. Алматыға келген соң Ержан Мен Айнұр екеуімен кездестім. Менің шотыма видеоға көрсеткенде 15 млн теңге деп тұрған. Ал жалпы қарағанда 19,5 млн теңге жиналған екен. Мен Алматыға келген соң банк шотымды өздеріне алды. «Біз барлығына есепті өзіміз береміз. Сен ақшаны жұмсап қоясың» деп Айнұр өзі алды», - дейді Ермек Күнбаев.
Сіздің реакцияңыз қандай?






