Дженнифер Лопес Астанаға ұшып келді

Тамыз 1, 2025 - 09:37
 0  79
Дженнифер Лопес Астанаға ұшып келді
фото: Астана әкімдігі

Америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопес Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі видео жариялап, астаналықтар әлемдік жұлдызды қалай күтіп алғанын көрсетті.

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Дженнифер Лопесті тасымалдаған ұшақты қарсы алды. Әнші жоспарланған концертті өткізу мақсатында елордаға ұшып келді. Сәтті өнер көрсетіп, Астанадағы уақытын жайлы өткізуін тілейміз!", - деп жазылған әуежай хабарламасында.

Америкалық әншінің Астанадағы концерті 1 тамызда өтеді. Шоу өтетін стадионның айналасындағы көшелер жабылады. Елорда билігі Астананың әртүрлі нүктесінен маршруттық автобустарды іске қосады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0