Анам, жаратылыстанушы ғалым Мағрипа Жылқыбаеваның маған айтқаны бар еді:
«Қазақстандағы ешбір гостиницаға қонуға болмайды, өйткені депутаттар жас қыздарды апарады» деп. (Депутаттың ішінде де адалы бар екенін білеміз. Үлкен әйелі бала-шаға, туған-туыс қамымен безектеп жүргенде ақшалы еркектердің кейбірі қонақүйлерге барып демалатыны да өтірік емес). Жапониядағы айн ұлтында Бұзылыстың пірі (Бог разврата) туралы аңыз бар (қазақ тіліне аударғанмын). Онда азғындықтың пірі келген соң бір тайпа елдің қыз-келіншектері қалай бұзылғаны туралы айтылады. Ежелгі Шығыс халықтарында әр нәрсенің пірі, Құдайы бар деп сенген және ол бекер емес. Лопеспен бірге Қазақстанға бір самолет былғаныш келді!
Байырғы Қазақ хандығында сырттан келген шет елдікті алдымен оттың арасынан өткізіп барып кіргізген.
Ал қазіргі қазақтар америкалық жалаңаш қатынға шапан жауып мәз болуда. Ол «Қазақ маған шапан жауып құрметтеді» деп айтады дейсіз бе?
Мен 2019 жылы Азия Жазушылар форумына барған кезде Астанадағы қонақүйге алғаш қондым. Сонда клеёнка төсеп, үйден апарған сейсепті (простыня) соның үстіне салып ұйықтадым. Гостиницаның тапочка, полотенцесін де пайдаланбадым. Қазақстанда іс-сапармен қандай қонақүйге түнесем де өзім апарған төсенішті пайдаланамын. Клеенканы артынан тастап, сейсепті үйге келген соң басқа киімдеріме қоспай бөлек жуамын. Өйткені, ол қонақүйге бір күн бұрын депутат болмаса да Америкадан келген Лопестің қандасы түнеуі мүмкін ғой.
Ал Жапония қонақүйлеріне (қай қаласы болса да) еш күмәнданбай жата беремін төсегіне. Өйткені, жапондардың гигиеналық тазалыққа ғана емес, рухани тазалықтың сақталуына зор мән беретінін білемін.
Қазақ интернетінен жаңалықтарды қарап отырып, бірнеше күннен бері халық шулап жатқан Дженифер Лопестің Жапонияда концерті болып па еді деп, жапондардан сұрадым. Бұл әртіс баласының туған күнін тойлау үшін 2024 жылы Жапонияға бір келгені туралы ғана ақпарат бар екен. Яғни өзі келген, ешкім шақырмаған. Жапондардан «Осындай әртісті білесіздер ме?» деп сұрадым. Бірі «Негізі танымал әнші ғой. Жапонның бір фильміне әні қолданылғанын білеміз, концерті болған емес» десе, енді бірі «Білмейміз, біз білуге тиіс кім ол сонша?» деп жауап берді.
Бәсе, ұлттық діңін сақтаған ел шақырмайды бұндайды.
АҚШ-тың қызығатын несі бар доллардан басқа?
Тұрғындары қай жақтан мылтық атылар екен деп пистолет ұстап үрейленіп жүретіні ме? Түрмедегі қылмыскерлер саны бойынша әлемде 1 орын алатыны ма? АҚШ-та нашақорлық мектеп жасынан басталады. Наркомания жөніндегі бюро 1930 жылы құрылған бұл елде. СПИД-ті әлемге таратқан АҚШ! (Алғашқы СПИД ауру 1981 жылы тіркелген Америкада).
Лопестің «выступлениесін» өнер деп мақтап, соның жалаңаш бұтынан мәдениет көріп отырған қазақтар ата-бабалармен рухани байланысы үзілгендер деуге болады. АҚШ-тың бұтына басын тосып, Лопесті Қазақстанға шақырғандар оның ішкиімін жыртыс қып жыртып, үйлеріндегі ас бөлмесіне ыдыс-аяқтың қасына іліп қойсын! Сөйтіп күнде таңертең жұмысқа барарда иіскеп жүрсін. АҚШ-тың албастысын қазақтың төбесіне шығарған қазақтар, сіздерді ата-баба рухы емес, АҚШ-тың бұты жебейді!
Жапондар синтоистік ғибадатханаларында отпен аластау сияқты ежелден келе жатқан ғұрыптық рәсімдерін бұлжытпай орындайды.
Қазақстанда байырғы ата-баба атқарған аластаумен байланысты ғұрыптарды тек Наурызда еске алмай, басқа уақытта да өткізіп тұру керек.
Жапонтанушы ғалым Шарафат Жылқыбаеваның
facebook парақшасынан