Екібастұзда үй ауласында алты жастағы баланы көлік қағып кетті

Қыркүйек 21, 2026 - 10:28
 0  19
Екібастұзда үй ауласында алты жастағы баланы көлік қағып кетті
Фото: AP Photo

Екібастұздағы үй ауласында алты жасар баланы көлік қағып, көз жұмды. Қайғылы оқиға 19 қыркүйек күні кешке болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бала велосипедпен жүргенде оны көлік қағып кеткен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері баланы құтқара алмады. Бұл фактіні Павлодар облыстық полиция департаментінде растады.

"Кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінде.

Қазіргі уақытта қайтыс болған баланың туыстары оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0