Елдос Сметов Азия ойындарында күміс жүлде еншіледі

Қыркүйек 30, 2026 - 14:20
 0  15
Елдос Сметов  Азия ойындарында күміс жүлде еншіледі
Фото: ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Париж Олимпиадасының чемпионы финалда жапониялық Хаято Кондомен белдесті. Нәтижесінде қарсыласы жеңіске жетті.

Осылайша, Сметов 12 жылдан кейін Азия ойындарында тағы жүлдеге қол жеткізді. Ол 2014 жылы Инчхонда өткен жарыста жеке сында алтын, командалық сайыста күміс медаль иеленген еді.

Айта кетейік, Елдос финалға дейін Оңтүстік Корея, Моңғолия және Тайпей спортшыларын жеңді. Бұл – Қазақстан құрамасының дзюдодан осы жарыстағы екінші күмісі. Бұған дейін Абиба Әбужақынова да күміс жүлдегер атанған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0