Елена Рыбакина тарихи жеңісінен кейін Қазақстанға алғыс айтты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" санатына жататын Australian Open турнирінің финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңіп, чемпион атанды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Шешуші кездесу 6:4, 4:6, 6:4 есебімен Еленаның пайдасына аяқталды. Ол үшінші шешуші сетте 0:3 есебімен ұтылып жатып, камбэк жасап, жеңіске жетті.
Тарихи жеңісі үшін Рыбакина 2000 рейтингтік ұпай мен 2,8 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақы иеленді. Ал финалда есе жіберген Соболенко 1300 ұпай мен 1,1 миллион АҚШ долларын қанағат тұтты. Осы жеңістен кейін Елена әлемдік WTA рейтингінде 3-орынға көтеріліп, өз мансабындағы рекордтық көрсеткіш орнатты.
Марапаттау рәсімінде Елена өзін қолдаған жанкүйерлеріне ерекше алғысын білдірді. «Бұл нағыз шайқас болды. Сіздердің қолдауларыңыз бізді алға итермеледі. Қазақстанға көп рақмет! Корттың сол бір бұрышынан келген ерекше энергияны сезіндім», — деді чемпион.
Сондай-ақ, Рыбакина өз командасына да жылы лебізін білдірді: «Командама рақмет. Сіздерсіз бұл нәтижеге жету мүмкін емес еді. Біз көп қиындықтарды еңсердік, осындай жетістікке жеткенімізге өте қуаныштымын».
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0