«Қарғысқа ұшырайсың»: белгілі блогер өзін тірідей көміп, эфирге шықты (ВИДЕО)

Қазақстандық блогер өзін тірідей көміп, TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфирге шыққан, деп хабарлайды sadaq.kz.
Желіде тікелей эфир кезінде түсірілген видео тарады. Кадрлардан көмілген жерде тұрған бір топ адам мен телефон ұстап, сөйлеп жатқан жігітті көруге болады.
Блогер тікелей эфирде: “Ауа жетпей жатыр. Осы уақытқа дейін 30 аккаунтыма шектеу қойылды. Мынау соңғы аккаунтым. Осы аккаунттың дамуына көмектесіп жіберейік, достар”, – деп айтады.
Желі қолданушылары блогердің бұл әрекетін әбден сынап, түрлі пікір жазып жатыр
"Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын!", "Өлетін бала молаға жүгіреді", "Сол жердің астынан шықпай қалғандарың дұрыс болар еді", "Есалаңдар", "Қарғысқа ұшырайсың", - деп жазған желі қолданушылары.
Сіздің реакцияңыз қандай?






