Тоқаев криптовалютамен сауда жасауға мүмкіндік беретін СryptoCity жобасын таныстырды

Мамыр 29, 2025 - 12:45
Мамыр 29, 2025 - 12:52
Тоқаев криптовалютамен сауда жасауға мүмкіндік беретін СryptoCity жобасын таныстырды

Қазақстан Еуразиядағы жетекші IT хабқа айналуды мақсат етіп отыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумы алаңында айтты. 

"Біз адам капиталына инвестиция салып, жас мамандардың қалыптасуына жағдай жасаймыз. Ең басты міндетіміз – аймақтар арасындағы алшақтықты азайту және орта тапты нығайту. Сол себепті цифрлық технология мен жасанды интеллектіден бастап жасыл энергетика мен қосымша құны жоғары өндіріске дейінгі негізгі секторлардағы әлеуетімізді күшейте береміз. Біз цифрлық трансформацияда елеулі табысқа қол жеткіздік. Мақсатымыз – Еуразиядағы жетекші IT хабқа айналу. Әсіресе, жасанды интеллектіні дамытуға айрықша мән беріп отырмыз", - деді Президент.

Тоқаев елімізде бірқатар шетелдік университеттің филиалы бар екенін жеткізді.

"Зерттеу мен әзірлеу саласындағы серіктестік жолға қойылған академиялық және инновациялық хабқа айналғымыз келеді. Қазақстан ең қуатты суперкомпьютерді іске қосуға кірісті. Қазірдің өзінде бұл жұмыс басталып кетті. Бұдан бөлек, СryptoCity деп аталатын жаңа пилоттық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Мұнда криптовалютаны азық-түлік сатып алуға, қызмет төлеміне және басқа да мақсаттарда пайдалануға жағдай жасалады", - деді Мемлекет басшысы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow