Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінісі болды

Қараша 3, 2025 - 09:22
 0  14
Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінісі болды
Фото: istockphoto.com

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының" хабарлауынша, 2025 жылғы 3 қарашада Астана уақытымен сағат 01:29-да жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1079 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы MPV 6.2, тереңдігі 120 км болды.

Сейсмологтардың мәліметінше, дүмпулер Қазақстанның оңтүстігінде әлсіз сезілді: Шымкент қаласында – 2 балл, Түркістан облысының Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылында – 2 балл, Жетісай қаласында – 2 балл, Шардара қаласында – 2 балл (MSK-64 шкаласы бойынша).

Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0