Елтаңбаны сындырып, туды өртегендердің кімдер екені анықталды

Ақпан 10, 2026 - 16:26
 0  136
Елтаңбаны сындырып, туды өртегендердің кімдер екені анықталды
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Мемлекеттік туды өртеп, елтаңбаны сындырған бірнеше адамның видеосы тарады. Көпшіліктің наразылығын туғызған  оқиға Павлодарда тіркелгені белгілі болды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, 5 ақпанда Павлодар қаласындағы М.Жүсіп атындағы мектепте заңға сәйкес мектеп комиссиясытарапынан ұлттық стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін заттарды жою жұмыстары жүргізілген.

«Аталған іс-әрекеттердің бейнетіркеуі тек қызметтік мақсатта жүргізілген және таратуға арналмаған. Іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібіне тиісті деңгейде бақылау жасалмауына байланысты мектеп басшысына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды», – делінген білім бөлімінің хабарламасында.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0