«Ем алып жатқан адамға қатігездік таныттық»: Министр Сара Назарбаева туралы айтты

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Сара Назарбаеваға қатысты ақпараттық ағындарды сынға алды.
Оның айтуынша, ем алып жатқан адам туралы расталмаған ақпарат тарату — адами тұрғыдан дұрыс емес әрекет, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«Меніңше, біз ем алып жатқан адамға өте қатігездік таныттық. Шынымды айтсам, бұл істің егжей-тегжейін білмеймін, өйткені бұл – адамның жеке өмірі. Бірақ адам өлді деген ақпаратты тарату – бұл қатігездік», – деді министр журналистерге берген сұхбатында.
Аида Балаева ресми мәліметтерді күтпей, болжам негізінде жаңалық таратудың қауіпті екенін атап өтті.
Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың Сара Алпысқызының қайтыс болмағанын ресми түрде жоққа шығарғанын «дұрыс қадам» деп бағалады.
«Егер қайтыс болса, ресми түсініктеме міндетті түрде берілер еді. Ақпаратты әрдайым сенімді дереккөздерден алу керек», – деді министр.
Министрден Сара Назарбаеваға қатысты нақты деректердің не себепті берілмей отырғаны жөнінде де сұралды. Бұл сұраққа жауап бере отырып, Аида Балаева:
«Біз де егжей-тегжейге қанық емеспіз», – деп қысқа қайырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






