Емі аяқталмай Камчыбек Ташиев Бішкекке оралды

Ақпан 13, 2026 - 10:46
 0  77
Емі аяқталмай Камчыбек Ташиев Бішкекке оралды
Фото: видеодан скрин

Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасының бұрынғы орынбасары және ҰҚМК экс-төрағасы Камчыбек Ташиев 13 ақпанға қараған түні Бішкекке оралды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бейнежазбада көрсетілгендей, «Манас» әуежайында оны арнайы көліктер легі күтіп алған. 

Журналист Нургазы Анаркуловтың айтуынша, Ташиев Германиядағы емін соңына дейін аяқтамаған. Алайда елдегі саяси жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты ол Қырғызстанға шұғыл оралуға мәжбүр болған.

Бұған дейін Ташиев Германияға Президент Садыр Жапаровтың рұқсатымен денсаулығын тексертуге кеткенін, ал қызметтен босатылуы өзі үшін күтпеген жағдай болғанын мәлімдеген еді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0