«Енді қайталанбайды»: Борат бейнесін жарнамалаған кәсіпкер халықтан кешірім сұрады
Борат бейнесін өз өнімінің жарнамасында пайдаланған «Шоқан» брендінің негізін қалаушы Ұлықбек Шәріпов көпшіліктен кешірім сұрап, жағдайға қатысты үндеу жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Кәсіпкердің айтуынша, жарнамадан кейін қоғам тарапынан туындаған реакция кәсіпкер үшін күтпеген жағдай болған. Ұлықбек Шәріпов бастапқыда қалай әрекет ету керегін білмегенін айтып, алғашқы қадамдарының дұрыс болмағанын мойындады.
«Мен қазақтың қара домалақ баласымын. Тараз қаласының тумасымын. «Шоқан» брендінің негізін қалаушымын. Менің хабарсыз кеткенім барлығының тынышталғанын күттім. Бүгін сіздердің алдарыңызда тұрмын. Сіздерден шын жүректен кешірім сұрағым келеді. Ең алдымен біздің бренд атынан шыққан ролик үшін кешірім сұраймын. Бұл қателік үшін толық жауапкершілікті өз мойныма аламын. Мұндай жағдайда бірінші рет болып тұрмын. Басында не істерімді білмедім. Сондықтан алғашқы әрекеттерім дұрыс болмады. Қателігімді түсіндім. Мен ешқашан қазақ халқына, мемлекеттік тілге, мәдениетімізге, елімізге құрметсіздік көрсету деген ойым болған емес. Бұл видео көп адамның көңіліне тигені үшін тағы да кешірім сұраймын. Енді мұндай жағдай қайталанбайды. Балаларыңызды кешіріп қойыңыздар», –деді Ұлықбек Шәріпов.
Айта кетейік, бұған дейін «Шоқан» бренді жарнамалық роликте Борат образын пайдаланғаны үшін әлеуметтік желі қолданушыларының сынына қалған еді. Осыдан кейін желіде бренд өнімдеріне бойкот жариялауға шақырған жазбалар көп тараған болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0