Эпштейн файлы: Бас прокуратура іске қатысы бар қазақстандықтарды іздестіруде

Сәуір 2, 2026 - 16:51
chat_bubble  0 visibility  1
Эпштейн файлы: Бас прокуратура іске қатысы бар қазақстандықтарды іздестіруде
Фото: Martin Bureau/Getty Images

Бас прокуратура Эпштейн ісіне байланысты тергеу файлдарында кездесетін қазақстандықтарды іздестіріп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Sadaq.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегеновтың айтуынша, деректер көлемі өте үлкен, 3 миллионнан астам хабарлама бар.

"Тексеру жүргізіліп жатыр. Ақпарат көлемі өте үлкен. Олар толық емес, үзік-үзік мәліметтер. Қазір Қазақстан азаматтарының қатысы бар-жоғын және жалпы Қазақстан туралы не айтылғанын толық зерттеп жатырмыз", – деді ол.

Джеффри Эпштейн америкалық қаржыгер. Ол бай адамдардың қаржысын басқарған, саясаткерлермен, бизнес элитамен, корольдік әулет өкілдерімен араласқан. Ұзақ уақыт бойы ықпалды байланыстарының арқасында жабық өмір сүріп келген. Эпштейн кәмелетке толмаған қыздарды алдап, ақша беріп, оларды жыныстық сипаттағы қанауға тартты деп айыпталды. Тергеу нұсқасы бойынша, ол мұны жүйелі түрде, бірнеше жыл бойы жасаған және арнайы желі құрған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0