Эпштейннің «қара дәптерінен» қазақстандық шенеуніктер шықты

Ақпан 9, 2026 - 09:52
Ақпан 9, 2026 - 10:48
 0  3
Эпштейннің «қара дәптерінен» қазақстандық шенеуніктер шықты
Фото: dknews.kz

Джеффри Эпштейннің атышулы ісі бойынша жарияланған жаңа құжаттарда еліміз 400-ге жуық рет аталып, жоғары лауазымды тұлғалардың Эпштейнмен байланысы болғаны меңзеледі, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Құжаттарға сәйкес, Эпштейн Қазақстанға бірнеше рет келген. Баспасөзде аталған деректерге қарағанда, оның Қазақстандағы ең жоғары деңгейдегі шенеуніктермен, соның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовпен байланысы болған. Мәсімовтің есімі құжаттарда 8 рет аталады және 2011 жылғы хаттарда оның Эпштейнмен қандай қарым-қатынаста болғаны туралы сұрақтар туындаған.

Тізімде Ұлттық банктің экс-басшысы Қайрат Келімбетовтің де аты бар. Хат алмасуларда Эпштейннің онымен Нью-Йоркте «өте жақсы уақыт өткізгенін» еске алып, оны құшақтап қоюды өтінгені туралы дерек бар. Сондай-ақ, тізімде кәсіпкер Тимур Құлыбаевтың да есімі аталады.

Эпштейн құжаттары тек шенеуніктермен шектелмеді. Құжаттарда экс-президенттің күйеу баласы Рахат Әлиевтің де ізі бар. Әлиев Эпштейн арқылы АҚШ билігінен өзінің бұғатталған 2 миллиард долларлық активтерін қайтаруға көмек сұраған және АҚШ-қа қауіпсіз бару мәселесін талқылаған.

Сарапшылар бұл жаңалықты қазақстандық саяси элитаның шетелдік ықпалды тұлғалармен байланысының ашылуы деп бағалап отыр. Аталған тұлғалардың бұл байланысқа қаншалықты қатысы барын тергеу анықтауы тиіс, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0