Ер адам 33 жыл бұрын жоғалтып алған әмиянын тапты

Әмиян жақсы сақталған. Сондықтан оның иесін табу қиын болмаған

Маусым 2, 2024 - 14:22
Маусым 2, 2024 - 14:23
 0  183
Ер адам 33 жыл бұрын жоғалтып алған әмиянын тапты
фото: видеодан скриншот

Канадалық Ник Чоудхури 1991 жылы достарымен бірге көл маңында серуендеп, су болып қалмас үшін әмиянды тастардың үстіне қойып кеткенін айтты. Ер адам әмиянды қалдырған жеріне барғанда оны таппайды. Алайда ол оны 33 жылдан кейін тапқан, деп хабарлады Tengritravel.

Ер адам әмиянда сақтандыруға кепілдік беретін және жеке басын растайтын барлық жеке куәліктері бар екенін мойындады. Әрине, ол құжаттарды қалпына келтірген.

Сондай-ақ, 30 жыл бұрын Ник Чоудхури балық аулап жүріп әмиянынан айырылғанын айта кеткен жөн. Ал 2024 жылы Ник әлеуметтік желілерде хабарлама алған.

Бейтаныс жігіт ер адамға оның 14 жастағы ұлы әмиянды балық аулап жүріп тауып алғанын айтқан. Әмиян жақсы сақталған.

Сондықтан оның иесін табу қиын болмаған. Никтің өзі сурет түріндегі айғақтарды алғанша, оны алаяқтар алдап жатыр деп ойлаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 1
Жарайсың Жарайсың 0